Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

Автор: Алмас Ерсін

Мемлекет басшысы Авазада өтетін халықаралық іс-шараларға қатысады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Әуежайда Қазақстан Президентін Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен 8-9 қазан күндері Авазаға жұмыс сапарымен баратыны хабарланған болатын.