Ұшақтағы 32 адамның бәрі қаза тапқан – Тоқаев Нигерия президентіне көңіл айтты

Автор: Бақыт Шынар

Апат бесінші қазан күні болған

Фото: Ақорда

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Бұл туралы Ақорда жазды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Ондо штатында Нигерия Әскери әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырап, адамдардың қаза табуына байланысты Президент Бола Ахмед Тинубуға көңіл айтты. Мемлекет басшысы жеделхатта жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақ екенін жеткізді», - деп хабарлайды Ақорда.

Естеріңізге сала кетейік, биыл бесінші қазан күні Нигерияның Ондо штатында 25 жолаушы мен экипаждың жеті мүшесі бар әскери әскери базаның маңында апатқа ұшырап, 32 адамның бәрі қаза тапқан еді.