Тоқаевтың Германиядағы ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасты

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германиядағы ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария Үкіметі мен Ландтаг басшыларымен және бизнес-құрылым өкілдерімен кездеседі.

Бұдан бөлек, Тоқаев Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады деген болжам бар.