Сапар аясында Берлинде Қазақстан Президентінің Франк-Вальтер Штайнмайер және Фридрих Мерцпен келіссөздері жоспарланған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар аясында Берлинде Қазақстан Президентінің Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздері жоспарланған.
Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтудың перспективаларын талқылайды.
Сонымен қатар сапар аясында Қазақстан Президенті Мюнхен қаласына барады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияның жетекші компаниялары мен қаржы институттарының басшыларымен, жоғары оқу орындарының ректорларымен және ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілерімен кездесулері жоспарланған.