Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды

Автор: Бақыт Шынар

Оның кандидатурасын 121 адам қолдаған

Фото: Ақорда

Бүгін Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында оған мүше азаматтар ұйымның төрағасы ретінде Ерлан Қошановты сайлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, кеңесте сөз сөйлеген президент Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынған еді.

Осыдан кейін ұйымға мүше азаматтардың ішінен 121 адам Ерлан Қошановтың кандидатурасын қолдап, дауыс берген. Осылайша, бұрынғы Мәжіліс спикері бірауыздан жаңа лауазымға тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, Ерлан Қошанов бұған дейін мәжіліс спикері болған еді.