Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Фото: Ақорда

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда хабарлағандай, Тоқаев Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Ресей Парламентінің жаңа құрамы ел мен азаматтардың игілігі жолында жемісті қызмет атқаруына тілектестік білдірді», - деп хабарлайды Ақорда.

Дереккөзге сүйенсек, Қазақстан және Ресей президенттері екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ алдағы бірлескен іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады.