Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды

Автор: Бақыт Шынар

Енді бұл лауазымды Қуанышбек Үштаев атқарады

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына Қуанышбек Үштаев тағайындалды.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Мереке Көшекбаев лауазымынан босады.