Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

Автор: Дәулет Ботагөз

Мемлекет басшысы Президент саябағының аумағында ағаш екті

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қолдау білдіріп, кезекті саябақты көркейту жұмыстарына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Президент саябағының аумағында ағаш екті.