Кездесулер барысында түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланды
Нью-Дели қаласында өтіп жатқан БРИКС саммиті аясында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік әріптестерімен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен қысқаша кездесулер сериясын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Нью-Делидегі БРИКС саммиті аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен, Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагиммен, Вьетнам премьер-министрі Ле Минь Хынгпен, Бурунди президенті Эварист Ндайишимийемен, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесуспен, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен, Таиланд премьер-министрінің орынбасары Сихасак Пуангкеткеомен аз-кем-әңгімелесті.
Кездесулер барысында түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.