Бүгін Ақордада Қазақстан мен Лаос Халық Демократиялық Республикасының өкілдері бірқатар үкіметаралық құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, бүгін мынандай құжаттарға қол қойылған:
- Қазақстан Республикасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы cыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Жоғарғы халық прокуратурасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Ғылым және технологиялар министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электрондық мемлекеттік қызметтер саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;
- Астана мен Вьентьян қалалары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы меморандум.