«ШЫҰ+» форматындағык кездесу: Тоқаев жұмыс сапарымен Бішкекке барды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Қазақстан президенті сондай-ақ VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады

Фото: Ақорда

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, бұдан басқа Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады.

Қазақстан Президентін «Манас» әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.