Ақорда оқиға орнынан фото және видеоматериалдар жариялап жатыр
Бүгін Мемлекет басшысы бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайы бірінші сессиясының ашылуына қатысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай отырысындағы сөзі сағат 11.00-де республикалық телеарналар мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда тікелей эфирде таратылады.
Естеріңізге сала кетейік, құрамында 145 депутаты бар алғашқы Құрылтай бүгін бірінші сессиясын ашады.