Испания королі Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады

Автор: Алмас Ерсін

Испания королі Қазақстан Президентіне және халқына жылы лебізін білдірді

Фото: Ақорда

Испания королі VI Фелипе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Король VI Фелипе Испания құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жеңісімен құттықтағаны үшін Қазақстан Президентіне шынайы ризашылығын білдірді.

Испания королі алғыс хатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тілеп, Қазақстан халқына жылы лебізін жеткізді.