Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы жан-жақты ақпарат берілді
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Президент аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті тыңдады.
Нариман Төреғалиев:
Өткен жылдың қорытындысы бойынша тартылған инвестиция көлемі 874,5 миллиард теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,6 пайызға өсті.
Жуырда Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 5 миллиард текше метр газ өңдеуге жететін зауыт құрылысы басталады. Инвестициялық жоба құны – 1,7 триллион теңге.
Сондай-ақ жыл соңына дейін Жайық өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын бастау жоспарланып отыр.
1542 шақырым автокөлік жолдары жөндеуден өтті. Қазақстан – Ресей шекарасындағы «Сырым» автокөлік өткізу бекеті қайта жаңғыртылып жатыр. Келесі жылы «Тасқала» бекетінде дәл осындай жоба басталады.
Бұдан бөлек, жаңадан салынған және жаңғыртылған төрт теміржол вокзалы ел игілігіне берілді.
Былтыр ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 320 миллиард теңгеге жетті.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы қолға алынғаннан бері 1414 жоба қаржыландырылып, 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.
«Қаладан – ауылға» өңірлік бағдарламасы аясында мыңнан астам адам ауылға қоныс аударды. Барлық 218 отбасы баспанамен қамтылып, оларға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді.
Мемлекет басшысы: