Тоқаев 23 тамызда өтетін сайлауға дайындық барысын пысықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы 23 тамыз күні өтеді

Фото: Акорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына биыл 23 тамыз күні өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

Президент бұл сайлау науқанының тарихи сипаты мен қоғамдық-саяси маңызы айрықша екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауды «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ашық әрі барлық қатысушыға тең жағдай жасау арқылы өткізу қажеттігіне баса назар аударды.