Ботагөз Жақселекова қызметінен босап, орнына Әсем Нүсіпова тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. Оның орнына, яғни жауапты хатшы қызметіне Әсем Бекқызы Нүсіпова тағайындалды.
Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқып, «экономика және менеджмент» мамандығын алған.
Ол 2006-2008 жылдары Денсаулық сақтау вице-министрі болған. 2016-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.