Тоқаев Ресейге жұмыс сапарымен барады

Автор: Дәулет Ботагөз

25 шілде күні ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Владимир Путиннің шақыруымен Омбы қаласына барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

«Қасым-Жомарт Тоқаев президент Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына сапармен барады», —делінген ресми хабарламада. 

Іс-шара аясында мемлекеттер басшыларының кездесуі жоспарланған.