Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен болды

Автор: Бақыт Шынар

Президент тиісті Жарлыққа қол қойды

Фото: gov.kz

Ұлытау облысын енді Есет Байкен басқарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековті лауазымынан босатты.