Бұл туралы Ақорда хабарлады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековті лауазымынан босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босады», - деп хабарлайды Ақорда.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ұлытау облысының мәслихаты жаңа әкімнің лауазымына келісім беру үшін жиналады.