Президент Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз өткізіп, жетекші компаниялар басшыларымен кездеседі және Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференцияға қатысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен жұмыс сапарымен Шанхай қаласына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздері жоспарланған.
Сондай-ақ Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен дөңгелек үстел өтеді.
17 шілдеде Президент «Жарқын болашақ жолындағы жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналған Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады.