Павлодар қаласына жаңа әкім тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ержан Имансләм бүгінге дейін ИИДМ-де басқарма басшысы болған

Фото: instagram.com/akimat.pavlodar

Ержан Имансләм 1972 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 1991 жылы Красноармейка ауылшаруашылық техникумын (техник-механик), 2007 жылы Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын (құқықтану бакалавры), 2014 жылы Инновациялық Еуразия университетін (экономика және бизнес бакалавры) және 2017 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру бакалавры; заң ғылымдарының магистрі) тәмамдады.

Еңбек жолын 1987 жылы Қашыр ауданы Калиновка ауылындағы құрылыс учаскесінде жұмысшы болып бастаған. Техникумды аяқтаған соң Ержан Имансләм Качир кентіндегі құрылыс материалдары және конструкциялар комбинатында слесарь-сантехник болып жұмыс істеді. Шекара әскерлері қатарындағы қызметінен соң Павлодардағы «Энергожилстрой 1» құрылыс басқармасының монтажшысы болды.

1994 жылдан 2000 жылға дейін Ержан Имансләм Качир ауданының Ішкі істер бөлімінде және прокуратурасында түрлі қызметтер атқарды. Содан кейін жеке заң тәжірибесімен айналысты, ал 2005-2008 жылдар аралығында Качир ауданының әкімдігінде, соның ішінде әкім аппаратының басшысы болып жұмыс істеді. 2008-2011 жылдары Ержан Имансләм Ақсу қаласының әкімдігінде, соның ішінде қала әкімінің орынбасары қызметінде еңбек етті.

2011 жылдан 2013 жылға дейін Ержан Имансләм Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы, 2013 жылдан 2014 жылға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болды.

Содан соң 2017 жылға дейін ол Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеді. Онда индустриялық-инновациялық даму басқармасында қызмет атқарды, сонымен қатар Тайынша ауданының әкімі болды. Кейін, 2020 жылғы 27 шілдеде Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалғанға дейін ол Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде (ИИДМ), оның ішінде ИИДМ комитетінің машина жасау басқармасының басшысы болды.