«Киім қылып киіп, көрпе ретінде жамылуға болмайды»: Үкімет Мемлекеттік туға қатысты жаңа ереже қабылдады

Автор: Бақыт Шынар

Азаматтар енді мемлекеттік туды балконына іле алады

Фото: Azattyq ruhy

Қазақстан үкімет тұрғын үйлер мен салтанатты жиындар өтетін жерге Мемлекеттік ту ілудің ережелерін бекітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің 26 маусымдағы ережелеріне сай, енді жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар белгілі бір талаптарды ескере отырып, терезесі мен балкондарына ту іле алады.

«Жеке және заңды тұлғалар тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайларға, соның ішінде, балкондарға Мемлекеттік ту іле алады. Ту 45 градус бұрышпен ілінуі керек. Жеке және заңды тұлғалар туды салтанатты іс-шаралар кезінде іле алады. Жер үйлердегі ту еден мен жерден үш метр биік ілінуі керек. Мемлекеттік ту бүтін, бүлінбеген және ұлттық стандарттарға сай болуы шарт», - деп жазылған үкімет қаулысында.

Бұл түзетуге сай енді Мемлекеттік туды жарнама мақсатында пайдалануға болмайды. Сондай-ақ оны киім қылып киіп, көрпе-жастық ретінде жамылып, перде ретінде іліп, кілем ретінде жерге төсеуге де қатаң тыйым салынады.

Тегтер: