Мемлекет басшысы Тұңғыш президентке мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі
Мемлекет басшысы құттықтауында Тұңғыш президенттің заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалау, Қазақстани Республикасын құру, еліміздің экономикалық әлеуетін нығайту және халықаралық аренадағы орны мен беделін бекемдеу жолындағы тарихи миссиясын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Астанаға көшіру туралы шешімінің маңызы айрықша екеніне тоқталды.
«Елорданың Сарыарқа төсіне көшірілуі Қазақстанның жан-жақты өркендеуіне тың серпін берді. Бүгінде Астана қарыштап дамып, әлемдегі көрікті шаһардың біріне айналып келеді», – делінген құттықтауда.
Мемлекет басшысы Тұңғыш президентке мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі.