Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 маусым күні Қазақстан Республикасының бірнеше заңына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Президент мынадай заңдарға қол қойды:
- «Ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Машина жасау және көлік саласын дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол қозғалысы және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.