Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды (ВИДЕО)!

Автор: Алмас Ерсін

Тоқаев Брюссельде Еуроодақ басшыларымен келіссөз жүргізеді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорда  мәлімдеді.

Қазақстан Президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі.

Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады.