Тоқаев Қатардағы қайғылы оқиғадан кейін көмек ұсынды
Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның жарақат алуына және із-түзсіз жоғалуына байланысты Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты.
«Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз. Қазақстан қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын», – делінген жеделхатта.