Желіде жалған аккаунттар «Әділет» партиясының атауын заңсыз пайдаланып жатыр: партия ресми мәлімдеме таратты

Автор: Бақыт Шынар

Партия бұған қатысты ресми мәлімде таратты

Фото: партияның баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде «Әділет» партиясының атауын заңсыз пайдаланып, өзін партияның ресми өкілдігі ретінде таныстыратын жалған аккаунттар мен парақшалар анықталды. «Әділет» партиясы бұл аккаунттардың шын мәніндегі партияға еш қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Партияның мәліметіне сүйенсек, бұл ресурстар арқылы партиялық билеттер беру, партия мүшелерін тіркеу және партияның қызметіне қатысты жалған ақпарат таратылып жатыр.

«Аталған аккаунттардың «Әділет» партиясына ешқандай қатысы жоқ екенін ресми мәлімдейміз. Олар арқылы таратылатын кез келген ақпарат шындыққа жанаспайды. Партияның тек ресми ақпарат көздеріне сену керегін еске саламыз: @adilet_partiyasy, t.me/adilet_partiyasy, adilet-partiyasy.kz. Партияның атауы мен рәміздерін заңсыз пайдаланғаны, сондай-ақ жалған ақпарат таратып, азаматтарды жаңылыстырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында жауапкершілік көзделгенін ескертеміз», - деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Анықталған фактілер бойынша материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.

«Азаматтардан жеке деректерін бейтаныс адамдарға бермеуді және «Әділет» партиясының ресми байланыс арналарына ғана жүгінуді өтінеміз», - дейді партия өкілдері.

Тегтер: