АҚШ пен Иран 19 маусымда Швейцарияда бейбітшілік келісіміне қол қояды

Автор: Бақыт Шынар

Трамп Иранмен арадағы мәмілені растап, АҚШ-тың Ормуз бұғазындағы қоршауды алатынын жариялады

Фотоколлаж: ЖИ

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф АҚШ пен Иран арасындағы бейбітшілік келісіміне қол қою рәсімі жұма, 19 маусым күні Швейцарияда өтеді деп мәлімдеді. Мәміле туралы ақпаратты Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy DW-ке сілтеме жасай отырып. 

Екі ел арасындағы келіссөздерде делдалдық етіп жүрген Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф бұл туралы жексенбі күні, 14 маусымда кешке өзінің Х-тегі парақшасында мәлімдеді.

Ол қос тарапқа «жанжалдың дипломатиялық шешімін табуға деген адалдықтары үшін» алғыс айтып, делдалдық танытқаны үшін Катарға, сондай-ақ «осы бағытта қосқан орасан зор үлестері үшін» Сауд Арабиясы мен Түркияға ризашылығын білдірді.

«Енді келісімге қол жеткеннен кейін, делдалдар осы аптада бірқатар кездесулер ұйымдастырады. Келісімді жүзеге асыру қарсаңындағы бұл талқылаулар техникалық келіссөздер мен ресми қол қою рәсіміне негіз болады», — деп түйіндеді сөзін Шариф.

Тегтер: