Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Қазақстан мен Ресей байланыстарының одан әрі дамитынына сенім білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей күні мемлекеттік мерекесімен құттықтады.

Қазақстан бауырлас Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқан достық әрі тату көршілік қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Сіздің жуырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз айрықша мәнге ие. Оның нәтижесі өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп, ауқымды жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға тың серпін берді. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық байланыстар алдағы уақытта барлық салада қарқынды дами береді деп сенемін, – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті Владимир Путинге Ресей Федерациясының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.