Оның үйін тінтіген полиция тағы 32 орама тапқан
Шымкент полициясы жедел-профилактикалық іс-шара кезінде синтетикалық есірткілерді таратып жүрген әйелді қолға түсіріп, оның сөмкесінен 2 келі мефедрон тапқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның ұсынған видеоматериалына сүйенсек, әйел бұл есірткілерді жасыратын орынды да, есірткіні грамм-граммға бөлетін таразысын да қасынан тастамаған көрінеді.
«Тексеру кезінде күдіктінің сөмкесінен жалпы салмағы 2 келі мефедрон салынған төрт пакет табылды. Сонымен қатар одан есірткі заттарын бөліп орауға арналған электронды таразы мен арнайы зип-пакеттер тәркіленді», - деп хабарлайды Шымкент полициясы.
Ал, ұсталған азаматшаның жалдап тұрған пәтерін тексеру барысында әрқайсысының салмағы бес грамды құрайтын 32 орама «синтетика» анықталған. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.