Ресей президентінің Қазақстанға сапары аяқталды
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Ресей президенті Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарын аяқтады.
Ресей Федерациясының президенті 27 мамыр күні Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Астана әуежайында Владимир Путинді президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі қарсы алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті қағидаты туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Астанада елдер арасында үкіметаралық келісімдер пакетіне қол қойылды. Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен ресми делегация мүшелері үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты.