Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері Жол картасына қол қойды

Автор: Алмас Ерсін

Жол картасына қол қойылуы Қазақстан президентінің Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің іс жүзіндегі жалғасы болды

Фото: Ақорда

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыруға арналған Жол картасына қол қойылды,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жол картасына қол қою рәсімі өтті.

Аталған Жол картасы Қазақстан Президентінің 2025 жылы 14-15 қараша күндері Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іс жүзіндегі жалғасы ретінде қабылданды.

Құжатқа өнеркәсіп, мұнай химиясы, логистика, металлургия, агроөнеркәсіп кешені, туризм және «жасыл» энергия салаларын қамтитын жаңа жобалар енді.