Юрико Коикэ Қазақстан президентіне алғыс айтты
Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Токио губернаторы Юрико Коикэні І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Жапония арасындағы достық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Юрико Коикэні І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады», - деп жазды Ақорда.
Айта кетейік, бұған дейін екі тарап Ақордада келіссөз жүргізген болатын.