Тоқаев атышулы заңға қол қойды: құжаттың мәтіні баспасөзде жарияланады

Автор: Бақыт Шынар

Жуырда Сенат бұл заң жобасына өз түзетулерін енгізіп, Мәжіліске қайтарған еді 

Фото: Ақорда

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, бұл заң жобасы әзірленіп, Мәжілісте талқыланғаннан бері қоғамда үлкен шу болған. Жуырда Сенат заң жобасына бірқатар түзетулерін енгізіп, Мәжіліске қайтарған болатын.

Мәжіліс Сенат заңның негізгі мазмұнын өзгертпей, ұйымдастыруға ғана қатысты түзетулер ұсынғанын мәлімдеген еді.

Ақорда хабардағандай, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.