Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақырды

Автор: Бақыт Шынар

Кезекті бірлескен отырыс 20 мамыр күні өтеді

Фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кезекті бірлескен отырыс 20 мамыр күні сағат 10.00-де өтеді.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.

Айта кетейік, бұған дейінгі бірлескен отырыс 15 мамырда өткен болатын.