Фото мен видеоны Ақорда жариялады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 мамыр күні жұмыс сапарымен Мәскеуге барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Ертең, 9 мамыр күні Қазақстан президенті Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары аясында Владимир Путинмен жеке кездесу өткізетіні хабарланған болатын. Мемлекет басшылары мамыр айының соңына жоспарланған Ресей президентінің Қазақстанға сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылайды.