Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы мәлім етті
Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берген. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді», -деп жазды баспасөз хатшы.
Смадияров сондай-ақ Дәдебай болашақта қандай қызметке кететінін болжаған.
«Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады», - деп жазған Смадияров.