Бұл қызмет Нұрлан Кәрібаевқа бұйырды
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметіне сүйенсек, бұл лауазым Нұрлан Кәрібаевқа бұйырған.
«Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікбайұлы Кәрібаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.