Асқар Мамин Минскіге ұшып барды

Автор: Azattyq Rýhy

Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтеді

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу үшін Минскіге ұшып келді, деп хабарлайды БелТА ақпарат агенттігі.

«Қазақстан Премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин 17 шілдеде өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу үшін Минск қаласына ұшып келді», - делінген ақпаратта.

БелТА-ның хабарлауынша, Үкімет басшылары бұл жолы жиынды онлайн форматта емес, жүзбе-жүз кездесіп өткізеді.