Парламент Алатау қаласының мәртебесіне қатысты заңды наурыздың соңына дейін президентке ұсынады

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы Олжас Бектенов мәлім етті

Фото: әкімдіктің баспасөз қызметі

Парламент «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы»  Конституциялық заң жобасын наурыз айының соңына президенттің қол қоюына ұсыну керек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы бүгін үкіметте премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті.

Негізі, Бектенов өзгеріс енетін 8 конституциялық заңға енетін өзгерістерді 15-ші сәуірге дейін  әзірлеп,  Үкіметке енгізуді тапсырды. Бірақ, аймақтардың дамуына қатысты заңдардың жұмысын күшейту керек екенін баса айтты.

«Конституцияға сәйкес,  кейбір өңірлердің жедел экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін  «қарқынды дамитын қала»  арнаулы құқықтық режимі белгіленуі мүмкін. Осыған байланысты Парламентте  «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы»  Конституциялық заң жобасын қарауды жеделдетіп,  Мемлекет басшысына  наурыз айының соңына дейін қол қоюға ұсыну қажет», - деп тапсырды Бектенов.