Оның датасын Серік Жұманғарин атады
2026 жылдың 20 наурызы күні Астанада Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін үкіметте премьер-министрдің орынбасары әрі ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол бүгін үкімет отырысында «Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы әзірленгенін хабарлады.
Конституциялық заң жобасы:
Жұманғарин хабарлағандай, осы жұма, 20 наурыз күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, заң жобасы сол күні талқыланады.
«Конституциялық заң жобасы Парламенттің қарауында. Биыл 20 наурызда заң жобасы бойынша Парламент Палаталарының бірлескен отырысының 1-ші оқылымын, ал 27 наурызда 2-ші оқылымын өткізу жоспарланып отыр», - деп хабарлады Жұманғарин.