Ақорда жаңа Конституцияны қабылдауға салтанатты түрде дайындалып жатыр (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Желіде дайындықтың видеосы жүр

Фото: скриншот

Президенттің резиденциясы жаңа Конституцияны қабылдауға салтанатты түрде дайындалып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ақордада Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға арналған салтанатты жиынға дайындық жүріп жатыр», - деп жазған Ақорда.

Бұл жазбаның видеосына қарасақ, Ақорда шынымен де Конституцияны қабылдауға қызу дайындалып жатқан көрінеді. Видеодан байқағынымыздай, Ақорда қызметкерлері қонақтардың орнын көрсетіп, ал, Ұлттық оркестр жұмысына қызу дайындалып жатыр.