Республикалық референдум 15 наурызда өтті
Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен референдумның алдын ала қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ОРК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, 16 наурызда таңғы сағат сегіздегі жағдай бойынша еліміздің барлық өңірі мен шетелдегі учаскелерде дауыстарды санау аяқталды.
«Бүгін таңертең аумақтық референдум комиссиялар дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалардың электронды көшірмелерін ұсынды. Осы деректердің негізінде ОРК республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін анықтады», - деді ол.
Алдын ала қорытынды бойынша, референдумда 9 127 192 азамат немесе 73,12 пайызы дауыс берген. Жаңа Конституцияны қолдап дауыс берген азаматтардың саны 7 954 667 азаматты немесе 87,15 пайызды құрады. Ал 898 099 адам қарсы болған.
Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 146 558.