Шетелдегі референдум учаскелері жұмысын аяқтады – 12 мыңнан астам адам дауыс берген

Автор: Бақыт Шынар

Шет мемлекеттерде 71 референдум учаскесі жұмыс істеген

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанның шет мемлекеттердегі референдум учаскелерінің барлығы жұмысын аяқтады. Ол учаскелерге барлығы 12 мыңнан астам адам келіп, дауыс берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, шет мемлекеттерде барлығы 71 учаске жұмыс істеген. 

«54 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 12740 адам болды. Бұл дауыс берушілердің 88,6% тең», - деп хабарлайды СІМ.

Айта кетейік, Қоғамдық саясат институты жүргізген exit-poll-дың алдын ала қорытындысы бойынша Қазақстанда дауыс бергендердің 88,6 %-ы жаңа Конституцияны қолдаған. 

Тегтер: