Қазақстандағы референдум учаскелері дауыстарды санауға кірісті

Автор: Бақыт Шынар

Елдегі учаскелер сағат 20.00-де жұмысын аяқтады

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бүгін, 15 наурыз күні кешкі сағат 20:00-де Қазақстандағы референдум учаскелері жұмысын аяқтап, дауыстарды санауға кірісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 07:00-де ел бойынша 10 388 учаске жұмысын бастаған болатын.

Жалпы, Қазақстанда 12 461 796 адам референдумға қатыса алады. Әзірге, шетелдегі бірқатар референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр.

Тегтер: