Жарыс жеңімпаздары референдумда таңдауын жасаған
Қонаев қаласында «ASP Аренада» дрифт жарыстарының маусымы ашылды. Спортшылар жарыстың алғашқы кезеңінен кейін бірден референдум учаскесіне келіп, дауыс берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Қалалық әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, алғашқы жарыс нәтижесі бойынша Петр Бородин бірінші орынға ие болса, Евгений Васкин екінші орын иеленген.
Жарыстан кейін олар референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Жарыс жеңімпазы Петр Бородин спорт пен қоғамдық өмір арасындағы байланысқа назар аударған.
«Дрифт-шоу облыс орталығындағы ең қызықты шаралардың біріне айналып келеді. «ASP Arena» әрдайым мәдени және спорттық шараларға толы, мыңдаған көрерменді, алыс-жақыннан келген автоспорт сүйер қауымның басын қосады. Бүгін біз жарыстан кейін өз азаматтық борышымызды орындау үшін сайлау учаскесіне келдік. Спорттағы шешім сияқты, әр дауыс саналы таңдау болып саналады», - деді спортшы.