Тоқаев референдумда дауыс берген соң журналистердің сұрақтарына жауап берген
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасын екі-үш сөзбен сипаттап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бұл – заң мен тәртіп үстемдік құратын Әділетті Қазақстанның Конституциясы, болашаққа бағдарланған құжат. Ата заң алдымен жастарға арналған, яғни жас буынның темірқазығы болуға тиіс. Жаңа Ата заңның мақсаты – осы. Қазақстан прогрессивті, заманауи мемлекетке айналуы керек. Бұл – біздің алдымызда тұрған ең басты міндет», - деді президент БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап беріп.
Айта кетері, бүгін Қазақстан азаматтары жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумда дауыс беріп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз таңдауын жасады.