Ол агенттік төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасарын қызметінен босатып, жаңасын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, Тоқаевтың өкімімен Айнұр Қамидоллақызы Серғазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босады.
Ал, оның орнына Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.