Ашықтық, заңдылық және тең жағдай - Тоқаев Нұрлан Әбдіровті қабылдады

Автор: Бақыт Шынар

Әбдіров президентке референдумды ұйымдастырудағы дайындық туралы есеп берді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа республикалық референдумды ұйымдастыру және дайындық жұмыстары туралы мәлімет берген.

Президент референдумды өткізу барысында ашықтыққа, заңдылыққа және барлық азаматқа тең жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударды.