Президент республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия президентке пысықталған жаңа Конституция жобасын республикалық референдумға шығаруды ұсынады. Бұл туралы Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Комиссия президент жанындағы консультативтік-кеңестік орган болғандықтан, көпшілік пікірін ескере отырып, мемлекет басшысына пысықталған жаңа Конституция жобасын республикалық референдумға шығаруды ұсыну қажет деп санаймын. Референдум әрбір Қазақстан азаматына жаңа Конституция жобасы бойынша өз ойын білдіруге, конституциялық құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Әзімова конституциялық комиссияның отырысында.
Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның миссиясы өз мәресіне жеткен болып саналады. Бірақ комиссия мүшелері әрі қарай жұмысын жалғастырады, деп атап өтті Әзімова.